ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Әйел ажары - махаббат тәңірісі
17.10.2021 574 0 Admin

Кітап үзіндісі: Әйел ажары - махаббат тәңірісі

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпіс - сексені қайтқан жоқ, себебі маған айқын - әскери тәжірибе, әскери тәрбиенің дағдылану нашарлығы... Мен соларды майданда көрдім, талдап тексердім, өксіп жыладым, зарландым, қорландым. Мен қалған өмірімді, алған тәжірибемді, білген білімімді жастарға, халқыма арнағым келіп еді. Барымды елге берсем деп едім. Егер де болашақта бір әйел жесір, бір бала жетім қалмауына менің еңбегім себеп болса, армансызбын деген ниет еді. Қысқасы, мені, менің ойымды, ниетімді тупость и невежество қапасқа салып, бенде етті. Мені теріс түсінді, ұқпады. Өгіз мойындық істеді. Осындағы майдалар мені сүзбелеп шетке шығара берді. Жақындарына жылы орын үшін мені аямады. Кішіртті, қудалады. Жабылып әлі жеткені мен болдым...
... Ғапу етіңіз, мен кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр білім, әр ниет сал болуды тілемейді, құл болуды тілейді. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де елімнің қызметкерімін. Халқыма жаман атақ еш уақытта алып бергім келмейді, алып бермеймін.
Бауыржан Момышұлы "Айтылмаған ақиқат"
Қыз жүрегі сыр бүккіш. Талай сырды тұйық сақтап, білмегенсіп, сезбегенсіп іште ғана түйеміз. Орынсыз әзіл айтқан кейбір ұрыншақ жігіттерге тіл қатпастан көзімізді бір төңкеріп, іштей күліп тұратын да кездеріміз болады. Осындайдан оңай ұғып, біз туралы кейбір кезде арзан сындар айтыла салатыны да мәлім.
Сыр — адамның жан дүниесі ғой, оны ұғу оңай болып па?! Білмейді деп біреуге сын тағудың өзі қиын. Ішімдегіні ойлап тап деуден аулақ болғым келеді менің. Ішке түйген сырды сыртқа да бір шығарып көрген дұрыс. Мұның несін айтасың деп кейбір қыздар намыстанып, мін тағар. Тақса тақсын, оған да мен көнемін. Жалғыз - ақ, солар сынау, мінеу оңай да, ал бар қиындық адам жанын білуде екенін ұғына білсе болғаны.
Мұқан Иманжанов "Қыз сыры"
Қызыма білмененнен білген, қараңғыдан жарық, зұлымдықтан мейірім күшті екенін көрсете алуым керек. Әлемнен қорқуды емес, сенуді үйрете алуым керек. Бірақ, ол үшін ең бастысы мұның барлығын алдымен өзім білуім керек. Себебі өзің білмегенді өзгеге үйрету мүмкін емес.
Торғын Жолдасбекқызы "Араша"
Адам деген қызық жаратылған ғой. Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Қолыңнан шығып кетсе, мойныңа бұршақ салып, қайта оралуын тілейсің.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
- Менің немерем болашақ солдат деп ойлаушы едім. Солдат жылай ма екен? Жаттығу кезінде жүз жығылып, жүз тұрады. Жығылған сайын бақырып - шақырып жылап жатса не болады, ойлашы өзің? Ондай бос белбеу жылаңқы солдаттың Отанға керегі қанша? - деп, сәл үндемей қалды.
- Мен әлі кішкентаймын, - деді Ержан аяғымен жер теуіп.
- Кішкентай болсаң қайтесің. Құлағанды білесің, орныңнан тұруды үйренбедің бе? Ауырған жерің баяғыда басылды, бірақ әлі жылағың келіп тұр. Біреу аяса екен, еркелетіп конфет берсе екен деп тұрсың, солай ма? Сүрініп құладың ба, ешкімнің көмегінсіз тұруға тырыс, жәрдем сұрап, аяушылық тілеу жағымсыз әдет.
- Ішім қатты соғылды ғой, - деп, атасына бір адым жақындады. - Білем оңбай жығылдың. Сен айқайлауға кеткен күшіңді орныңнан тұруға жұмсауың керек еді. Ауырды ма, сен шыда, қазір басылады деп көңіл бөлмей қойсаң, ауырғаны тыйылады. Әйтпесе ауру деген қу болады, істегеніне көніп еркелетсең, орныңнан қозғалтпай қояды. Сондықтан жығылдың ба, тезірек тұруға тырыс, түсіндің бе?
- Түсіндім...
Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер"
Жастар тек алдағы өмірді көреді, қарттар артта қалған күндерге үңіледі. Ал қалғандарының айналасына қарауға уақыты да жоқ. 
Рэй Брэдбери "Көк бөтелке" кітабынан
Қолыңмен істеген еңбегің жаныңды риза етсе, оған аздап мақтанғанның айып - шамы бола ма? Бұл атақ - құмарлыққа жатпайды, бұл өзгеден артықпын деген кей адамның жалған қасиетін де емес бұл өз еңбегіне өзі риза болған көңілдің тасуы, рахаттанбаса, одан ләззат алмасаң онда ол еңбекті жасау не керек?
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
– Бұл дүниеде бүп - бүтін боп тұрған не бар дейсің. Бақыт деген құстың, егер бар болса, бір қанаты сынық па деймін...
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"
Айда ой жоқ, ми жоқ, көз жоқ дегендер де қатты қателеседі. Айдын бетінде қара дақ бар. Ол диюлардың мекені. Ал жарық жағы – періштелер отаны. Алыстағы Айдың өзінде де дүлейлер мен тазалардың арпалысы болып жатады.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Адамдар әрқилы жолмен табысады, әрқалай тағдыр жорығында қарулас, сапарлас болады, осы сапарда жүріп ойы мен мінезін ұштастыруға күш салады. Адамның күні адаммен.
Сәуле Досжан "Үшінші есіктің құпиясы"
Кеудесінде жанашыр жүрек болмаған соң, адам деген атты лайықсыз жамылып жүргендер де аз болмайды екен өмірде.
Софы Сматаев "Қаймақ"
Әйел ажары - махаббат тәңірісі. Махаббат жолында бәрін құрбан етсең де, жас ханым, өңіңді құрбан етпе, сенің ажарың қашқан сайын махаббаттың ажалы да жақындай береді. Мұны да ұмытпа! Жазушы, ақын деген қауым айта беретін бұл сияқты қисынды бұл ескере де қоймайды.
Жәкен Жұмақанов "Махаббат пен Мансап"
Ұрыссам – бойларыңдағы мінді көріп қалып ұрысамын. Көрген кемшілікке көз жұмып қарау – қасиетімде жоқ нәрсе. Өмірде жалтақ болмаңдар, біреудің аузына қарап, соның айтқанына көніп, айдауында жүруді ізеттілік осы екен деп жаңсақ түсінбеңдер. Үлкеннің айтқанын екі етпеу, сөзге тоқтау – сыйластықтың, әдептіліктің әліппесі екені рас. Бірақ тек сонымен шектеліп қалушылық жас адамға пайда бермейді.
Оған қосымша өзіңнің кісілігің, жол білер азаматтығың болуы керек. Әйтпесе біреудің айтқанына көніп, айдауымен жүру немесе «барып кел, шауып келдің» адамы ретіндегі қолбала болу жасқаншақтыққа, кіріптарлыққа ұшыратады.
Сендер бейқұт, жақсы заманда уызға жарып туған ұрпақсыңдар. Сондықтан батыл болыңдар, жүректеріңде жігер, көз­деріңде от ойнап тұрсын.
Жанболат Аупбаев "Рухы күштілер"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×