ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
10.04.2022 511 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
Платон өмірінің соңына қарай өзінің мәңгі идеялар мен пішіндер туралы ілімінен бас тартқан сыңайлы, алайда құдай туралы түсініктерін сомдауға ұмтылған көптеген монотеис үшін тап солар негізгі ұғымдарға айналды. Платондық идеялар – бұл ақылмен тануға болатын тұрақты, өзгермейтін ақиқаттар. Кемел бітімдер сезім мүшелері арқылы қабылданатын кез келген аумалы - төкпелі және өткінші материалдық құбылыстарға қарағанда, әлдеқайда тұтас, өміршең және толымды. Біздің әлемнің құбылыстары – құдай патшалығының мәңгі қалыптарының жай жаңғырықтары, олардың тұрпайы көшірмесі. Асқақ идеялар біздің, мәсеен, Махаббат, Әділет немесе Сұлулық туралы дерексіз түсініктерімізге сәйкес келеді, бірақ кемел бітімдер арасында ізгілік идеясы басты орын алады. Платон көне архетиптік мифке философиялық сипат дарытты: оның «мәңгілік идеяларын» мифтік құдайлық әлемнің рационалды нұсқасы деуге болады, ал біздің әдепкі әлем – оның көлеңкесі. Платон Құдай табиғаты туралы ой толғамайды, тек пішіндердің құдайлық болмысын айтумен шектеледі, дегенмен ара - тұра ол кемел Сұлулық немесе Ізгілік арқылы өз танымында Жоғары Ақиқатты меңзейтіндей, әсер қалдырады. Платон кемел әлемнің тұрақтылығына және үздіксіздігіне сенімді болды. Көне гректер өткіншілік пен өзгергіштікті жербауыр тірліктің белгілері деп санаған, өйткені шынайы бітімдер әрқашан бірегейлік танытады. Бұлжымастық – олардың айрықша сипаты. Сондықтан шеңбер бойымен қозғалыс кемелдіктің үлгісі болып табылады: ондағы әрбір нүкте міндетті түрде бастапқы күйіне қайта оралады, сондай - ақ аспан денелері де құдайлық әлем кемелдігіне еліктеп, осылай айналып жүреді. Платонның құдай туралы мейлінше статикалық суреттемесі, Тәуратта айтылғандай, шаршап - шалдығуды білмейтін әрекетшіл, жаңашыл, өзінің ниетін тез ауыстыра қойғыш Құдайға онша ұқсамайтын болғанына қарамастан (Ол, мәселен, адамды жаратқанына өкініп, адамзат ұрпағына әлемдік топан жібереді), яһудилердің, христиандар мен мұсылмандардың көзқарастарына зор ықпал етті.
Платон ілімінің әсіресе монотеистер үшін аса қызықты мистикалық қыры болды. Оның құдайлық бітімдері «о дүниелік» ақиқат емес; олар адамның өз жанынан табылуы мүмкін. «Той» атты жарқын диалогінде Платон көркем жаратылған тәнге деген махаббатты аспандатып, шат - шадыман пайымға – кемел Сұлулық теориясына айналдыруға болатынын көрсетті. Сократтың тәлімгері Диотиманың аузына сала отырып, автор кемел Сұлулықтың әдепкі әлемдегіден айырмашылығы, оның қайталанбастығы, мәңгілігі және абсолюттігі деп түсіндіреді:
«Әдемілік бұл... бұл, біріншіден тууды, өлуді, өсуді, азаюды білмейтін мәңгі нәрсе, екіншіден, әлдебір нәрседе әдемі емес, әлдебір нәрседе ұсқынсыз, бір уақытта емес, бір жерде, бір нәрсе үшін және бір нәрсемен салыстырғанда, әдемі, басқа уақытта, басқа жерде, басқа үшін және басқамен салыстырғанда ұсқынсыз. Әдемілік бет, қол немесе дененің бір бөлшегі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес, басқа бір нәрсе. Тіпті ол жануар, Жер, аспан не тағы бір нәрсе түрінде емес, өз - өзінде, өзіне ғана ұқсас».
Басқаша айтар болсақ, Әдемілік сынды идеялардың діндарлар «Құдай» деп атайтын болмыспен көп ұқсастығы бар. Бірақ оның асқақтығына қарамастан, кемелдікті адам санасынан іздеу керек. Қазір ойлауды ерік - жігер әрекеті деп есептейді. Алайда Платон оларды ақылда да жүзеге аса алатын нәрсе деп білген: ол үшін ойлау нысандары сана арқылы қабылданып, өздігінше әрекет ететін ақиқаттар болып табылады. Сократ сияқты, Платон да ой машығын еске түсіру – бұрын белгілі болған, бірақ ұмытылған нәрсені жадта жаңғырту процесі деп қабылдаған. Адамдар күнәға батқан құдайлар болғандықтан, олардың жандарында құдайлық әлем бітімдері туралы естелік әлі де сақталады; сол бітімдерге мидың рационалды әрекеті ғана емес, өз бойымызда бүркенген мәңгі ақиқатты интуитивті түрде таныта алатын ақыл арқылы «жанасуға» болады. Бұл түсініктер бірқұдайлықтың барлық үш дінінің мистиктеріне де әжептәуір әсерін тигізді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Нирвана өзгермейді, мәңгі, жоғалмайды, қозғалмайды Құдайтану баяны: Нирвана өзгермейді, мәңгі,
Карма адамдарды қайта туулардың тұйық шеңберіне, қайталанбалы өмірлердің азапты айналымына қуып тықты. Егер адам өзінің қарақан басының қамын
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
Пұтқа табынушылардың құдайларынан ерекшелігі, Яхве қандай да бір табиғат құбылысына теңестірілмейді және мүлде басқа кеңістікте орналасқан. Ол жұмсақ
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
1917 жылы «Қасиеттілік идеясы» еңбегін жариялаған немістің дін тарихшысы Рудольф Отто діндарлықтың қайнар көзі дәл осы танылмайтынды сезіну екеніне
Құдайтану баяны: Аристотель Құдайтану баяны: Аристотель
Платон ғаламның құрылымы рационалды деп есептеді және осы арқылы келесі бір мифті, яғни әлем туралы болжам айтатын концепцияны дүниеге әкелді.
Құдайтану баяны: Йога философиясы Құдайтану баяны: Йога философиясы
Егер Брахман әрбір жанның ішінде болып, жанымен тұтасып кетпегенде, бұл сияқты құдайлық күш адамға мүлде бейтаныс болып қала берер еді.
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×