ойын сауық отауы
Күнбағыс майында шипа мол
23.10.2022 636 0 Admin

Күнбағыс майында шипа мол

Денсаулық
Күнбағыс майында шипа мол
Көпшілігіміз күнделікті ас - ауқат түрлеріне қолданатын майлардың емдік қасиеті жайлы аз да болса мәлімет білеміз. Дегенмен олардың кейбір ауру түрдерінде дәрі - дәрмектен кем түспейтін қасиетін жете білмейтініміз рас. Бүгінгі әңгімеміз осы жайында болмақ. Күнделікті қолданыстағы күнбағыс майын емге қолдану жайлы біле жүріңіз.
Іріңді гайморит кезінде 1 ас қасық күнбағыс майын ауызға салып, оны кәмпит тәрізді сору керек. 10 - 15 минуттан кейін ол ауыз қуысында қоюлана бастайды. Сосын қайтадан сұйылады. Осы кезде түкіріп тастайсыз. Таңертең ашқарынға және кешке жатарда қайталай жүрсеңіз көп ұзамай шипасын сезінесіз.
Күнбағыс майын аяқтағы мүйізгекті (мозоль) кетіруге де қолдануға болады. Ол үшін 7 - 10 күн бойы жатарда аяқты жылы сумен жуып, күнбағыс майын сіңдіре жағып, уқалайсыз. 3 - 4 күні - ақ мүйізгектің жойыла бастағаны байқалуы тиіс.
Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында майды аздап жылытып, оған дәкені батырып, компресс жасайсыз. Сыртынан полиэтилен пакетпен және жылы орамалмен орап тастау керек. Компрессті май суығанша ұстайсыз.
Денедегі терең жараны жылы сумен жуып, күнбағыс майы сіңдірілген дәкемен орап қойыңыз. Май жараға сіңуі тиіс. 3 - 4 күннен кейін жараның беті тегістеле бастайды.
Тырнақтың сынғыштығы кезінде аптасына 2 рет жылытылған майға саусақтарды батырып отырсаңыз әсері жақсы. Ол тырнақты қатайтып, бекіте түседі.
Жатыр мойны эрозиясында түймедақ, қалампыр шөптерінен азырақ майға араластырып, су моншасында жарты сағат бұқтырасыз. Оны бірнеше қабатталған дәкемен сүзіп алып, тампон қойса тез жазылады.
Міне, әр үйден де ас әзірлеу үшін табылатын күнбағыс майының осындай шипалық көмегі бар. Күнбағыс дәні 53% май, 26, 5 % көмірсу, қалғаны фитин (2%), илік заттар (1, 5%), ақуыз, фосфолипид, каротоеоид пен органикалық қышқылдардан тұрады. Сондықтан медициналық мақсатта дұрыс қолдана білсе, шипасы дәрі - дәрмектен кем түспейді. Халық медицинасында атеросклероз, тромбофлебит, асқазанның созылмалы сырқаты, тіс, ішек, бауыр, өкпе ауруларында қолданылады. Косметикалық мақсатта да пайдасы бар. Тазартылған түрін холецистит, холангит, өт айдауда қолданса да болады. Онда А, Д, Е витаминдері бар. Мұндағы Д витамині ағзаның минералмен қамтамасыз етілуін жақсартып, дұрыс өсіп - жетілуге көмектеседі. Ал А витамині көру қабілетін жақсартып, терінің сау қалпын сақтауға жәрдемдеседі.

Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Күнбағыс майы Күнбағыс майы
Көпшілігіміз күнделікті ас-ауқатқа қолданатын күнбағыс майын дұрыс қолданса, емдік әсері дәрі - дәрмектен кем түспейді деседі.
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Қаз майы бронхитке өте пайдалы Қаз майы бронхитке өте пайдалы
Бронхит, пневмониямен ауырғандарға қаздың майы өте жақсы жәрдемдеседі. Қаздың майлы етінен сорпа жасап, оны жылыдай, тамақ арасында күніне үш - төрт
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.
Көктем салаты Көктем салаты
Қыстан жаңа шыққан мезгілде яғни көктем келісімен адам организмі витаминді керек ете бастайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×