ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...»
15.04.2023 422 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...»

Дін
Абайдың хакімдігі: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...»
Біз терең түсініксіз, ақылмен жан баласы жетпейтін құпияны тылсым дейміз. Тылсым болмаса түсінікті нәрсе болмас еді. Себебі түсінікті нәрсе түсініксіздік болған соң ғана өмір сүреді. Сонда түсініксіздік деген не? Бұл сұраққа жауап беруден бұрын түсінікті деген не нәрсе екеніне тоқталайық. Түсінікке ең қарапайым анықтама берсек, былай болады. Адам өзіне беймәлім құбылысты қабылдап, ол туралы өзіндік сана қалыптастырады, оны біз түсінік дейміз. Түсінік қабылдаушыға байланысты субъективтік әрі объективтік мәнге ие болады.
Әрине, түсінікті бұлайша бөлу шартты, әйтпегенде таза субъективті, таза объективті түсінік жоқ. көбіне мәселе беймәлім құбылысты меңгеруге байланысты. Субъект тылсым сырын қай деңгейде меңгерді, содан түсінік қалыптасады. Түсініктің үстірт болуы, оның қайшылықты болуы тылсым сырын парықтаудан туады. Тылсымның сыры өзіне белгілі. Оны адам баласының ғылымы жетіп, меңгермек емес. Тылсым тиянақты шындық емес. Ол – әманда өзгерістегі шындық. Өзі сияқты сыры да құбылмалы. Оның өзгерісінің құпиясы өзіне ғана белгілі. Тылсымға қатысты сұрақ қою – мәнсіз іс. Оның өз себебі өзінде. Сұрақ адамға, оның түсінігіне орай қойылады. Сұраққа жауап беруші де, сұрақтың өзін қоюшы да адам. Дүние болмысын танып, түсінбей жүрген де адам. Дүниеге ынтық жан да адам. Сұрақ қоюшылар – Өмірге ынтық жандар. Ынтықтық тылсымға қатысты. Өмірге ынтық жан тылсым сырына ғашық, сол үшін ол бар ғұмырын сарп етуші. Тылсымға бас ию тек сенім емес, шексіздікті мойындау. Шынында, шексіздік, шек қою не оны шексіз деу – қысқа ақылдың мүмкіндігінен туған ұғымдар. Себебі тылсымның есімі, аталуы – тылсым. Оны өзгеше ұғыммен белгілеу мүмкін емес. Оның өлшемі біреу, ал оның өлшемі тылсымдығында, санамен, ақылмен жетіп тану мүмкіндігінің жоқтығында. Тылсым осындац өз сыры өзінде болған соң, көптеген ғұламалар, көсемдер, нәбилер оны белгілі бір мәнге айналдырып, мазмұнға ие етуге талпынған. Бірақ бұл ынта - тілектердің бәрі заман көшіне шыдамай ескіре берген. Тылсым туралы шындықтың бетпердесі ашылатын заман болады деп әсте айта алмаймыз. Егер тылсымды тану мүмкін болса, онда ол тылсым болудан қалады. Сондықтан тылсымның өзімен - өзі болуы өзіне лайық. Тылсым – адамның қасиетін сақтайтын күш. Адам өзінің дәрменсіздігін тылсыммен бетпе - бет келгенде сезінеді. Адам құдіреті сол: ол тылсымның бар екенін, рас екенін мойындаушылығында, ал оның дәрменсіздігі тылсымның сырын аша алмай әуре - сарсаңға түсуінде. Дегенмен, адамды өмірге ғашық етер күш есімі – Тылсым.
Тылсым – мінсіз Алланың сыры.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абайдың хакімдігі Абайдың хакімдігі
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ...» Аллада мін жоқ, мін – адамда. Мәселенің нақ осылай болуы да Алла әмірі. Олай болса, адамға ақыл мен мінді
Махаббатпен жаратқан адамзатты.. Махаббатпен жаратқан адамзатты..
Алла – ислам дінінде құдай есімі, Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға дейін де көп болған. Ақынның мәселе қойысы өзгеше, ол сен Алланы адамзатты
Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...» Абайдың хакімдігі: «Замана, шаруа, мінез күнде
Абай өзгерісті мойындаған. Дүние бір қалыпта тұрмайды, ол күнде өзгереді. Неге десеңіз, дүниенің мазмұны – өзгерісте. Сондықтан алдымен «өзгеріс»
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Пайғамбарлар Пайғамбарлар
Әлбетте, пайғамбарлар – адамзат қоғамының жетілу шыңында тұрғандар. Олар – Жаратушы мен адамзаттың арасын байланыстыратын хабаршы. Пайғамбардың келу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×