ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Демалыс уақыты
11.12.2022 605 0 Admin

Уақытыңды басқар: Демалыс уақыты

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар: Демалыс уақыты
«Демалыссыз еңбектену – жетістік емес, уақытты тиімсіз жоспарлаудың жазасы».
Данте
Жылдық және апталық демалыс күндері болғаны секілді күнделікті тынығу уақыты да болатыны белгілі. Құран Кәрімде күндізгі уақыт толықтай жұмыс істеп ризық табуға арналғандығы айтылған аяттардың болғанына қарамастан, басқа бір аятта түскі уақытты тынығу уақыты ретінде сипаттайды. Олай болса, күнделікті тынығу уақыты дініміздің басты қайнар көзі Құранда да орын алғанын көре аламыз.
Демалыс пен тынығуға қажеттілік
Алдымен дініміздің мереке мен демалыс түсінігі қате ұғынылмауы үшін Исламда адамның шаршайтындығын ескеріп, тынығуға қажеттілігін қабылдайтынын айта кету қажет. Алла Елшісі (с. а. с.) «Жүректі ара - арасында тынықтырып тұрыңдар» деген болатын.
Бір мәртесінде саңлақ сахабалардан Ханзала мен Әбу Бәкір (р. а.) Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Ханзала мұнафық болды. Сенің жанында сезінгенімді сырт жүргенде сезе алмаймын, дүниелік істерге араласқанда сенің қасындағы толайым күшті сақтап қала алмаймын», - деп өкінішпен мұңын шағады. «Бірде бұлай, бірде олай... – деп, пендеге тән құбылма мінезге түсіністікпен қараған Пайғамбарымыз (с. а. с.) сөзін жалғап былай дейді: «Егер үнемі менің жанымдағыдай және ғибадат үстіндегідей қалыптарыңды сақтай алсаңдар, періштелер жолдарыңа қанаттарын төсеп, тіпті сендермен қол алысып амандасар еді».
Бұл хадис адам баласының пайдалы іс болған күннің өзінде, ешқашан бір жұмыспен үздіксіз айналыса алмайтындығын, қалайда шаршап - шалдығатындығын ескертіп отыр. Әзірет Әлидің де «Жүректеріңді демалдырыңдар, ол да тәндерің секілді шаршайды» дегені бар.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған: 1. Түннің жартысы, 2. Төрттен үші, 3. Үштен
Құран кәрімдегі уақыт Құран кәрімдегі уақыт
Құран Кәрімде уақыт түсінігі әртүрлі сөздер мен сөз тіркестері арқылы келеді. Қазақ тіліндегі «уақыт» сөзінің өзі араб тілінен енгені белгілі. Ал сол
Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде».
Уақытыңды басқар: Бос уақыт түсінігі Уақытыңды басқар: Бос уақыт түсінігі
Исламда «уақытты бос өткізу» деген түсінік жоқ. Құран аяттарында да, Пайғамбар (с. а. с.) хадистерінде де уақытты бос өткізбеу керектігі бұйырылған.
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық есебіне ауыстырылған Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 86 - бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×