Жүйрік баптаудың алғы шарттары
Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Жүйрік баптаудың алғы шарттары
Жүйріктің бабы жылында
Қазақта: «Жүйріктің бабы жылында» деген сөз бар. Бұл тіркестің мағынасы: жүйрікті жарату ісі жаздың 40 күн шілдесінде (маусым - шілде айларындағы шуақты күндерді айтады) байлап - баптап жарысқа қосумен шектелмей, бәге аттың бабын жылдың төрт мезгілінде жіті қадағалап, бақылауды айтады.
Шын жүйріктің бабын жыл бойы бұзбаған жөн. Нағыз атбегілер жүйрікті жыл бойы баптаған. Мысалы, қыста көк жоңышқа, ақ сұлы беріп семіртеді. Содан соң көктемгі қар суымен біраз күн өріске жіберіп, сары шөпке жаяды. Тек қара етін қалдырып, іш майы мен қазысын жеңілдететін болған.
Жүйрік жылқыны баптаудан басқа уақыттарда қинамай, аяқ - қолына ақау түсірмей мініп жүреді. Тәжірибелі атбегілердің айтуы бойынша, жылдың 365 тәулігінің 150 күнінде жүйрікті кәдімгі күнделікті мініске салған дұрыс. 150 тәулік дегеніміз – 5 ай. Осы бес айдың бір айы жазғы баптау мерзімі. Тамыз - қыркүйек айларында жаздай байланған жүйрікті үйірге жіберіп семіртеді. Қазан айында қолға ұстап, жеңіл - желпі жүріске салып, бірнеше рет таңасырып байқайды. Одан кейін қараша - желтоқсан айларында жылқыға бос жібереді. Қаңтар - ақпан айлары туған соң қолда ұстап, әрі - сәрі қинамай мініп, жеңіл терін алу арқылы бойындағы артық - ауыс заттардан (шлак) арылтады.
Денесі кішкентай құлын сауыр жүйріктер етке сүйеніп шабатындықтан әркез семіздікті сүйеді. Бұларды 15 - 20 күн жаратып, 4 рет терлетіп, таң асырса жетіп жатыр. Ал, етке ұтқыр, қол - аяғы діңгектей сақа жүйріктерді кемінде 30 - 35 күн жаратып, 7 - 8 рет қаражарысқа салып терлетіп, таң асыру керек.
Көктемнің сәуір - мамыр айларында бір айға жуық қолда ұстап қыстың суық күндері ақау алған сіңірлерін создырып, аяқ - қолының бұлшық етін ширатады. Осылай қамдаған жүйріктің іші мөлшерден тыс майланбайды, күш - қуаты кемімей қалпын сақтайды.
Әр мезгіл сайын үйірде жүрген жүйрікті қайта - қайта ұстап мініске салудың мәні – денесіне жиналған бос судан терлету арқылы арылтып, майын қара етіне сіңіру болып табылады.
Семіз, қоңды жылқының бабы ұзаққа созылады. Ондай жүйрікті ұстаған сәттен бастап алғашқы 24 тәулік ішінде: 7 дүркін арамтерін алып, 3 дүркін қаражарысқа салады. Одан кейінгі 20 тәулікте: 5 дүркін қысқа шапқын (6 - 12 шақырымға 4 - 5 жылқыны ауыздық таластырып шаптыру) жасап, 2 дүркін қаражарысқа қатыстырады. Келесі 15 тәулік ішінде: 2 дүркін қысқа шапқын, 1 дүркін қаражарысқа қатыстырады.
Эалпы көшпелілердің жүйрік баптау, яғни, атбегілердің ат жарату мерзімі: жасы жеткен, жыл сайын бапталып үйренген сақа жүйріктерді 30 - 40 күн байлап, 5 - 6 дүркін терін алып, 10 - 13 дүркін бой жаздырып (әртүрлі қаражарыстар) шаптырады.
Дөнен және бесті жүйріктерді баптағанда: 15 тәуләк ішінде 3 - 4 мәрте терін алып, 5 - 7 дүркін жарысқа салады. Құнан - тайларды баптағанда: 3 дүркін теріп алып, 4 - 5 дүркін жарысқа жібереді.
Ат баптаудың мерзімі мен әдіс - тәсілі жылдың әртүрлі мезгіліне байланысты (қыс, жаз, көктем, күз) өзгеріп тұрады. Осы жайды толық меңгерген адамды «нағыз атбегі» деп есептеген.
Қазақ атбегілерінің ұстанымы:
Жүйрікті жазда баптап, күзде семіртіп, қыста күйін сақтап, көктемде қуатын арттырады.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жүйрік баптау деген не?
Жүйрік баптау дегеніміз – түптеп келгенде атты шынықтыру деген сөз. Яғни, жүйрікті баптап, жаратудағы мақсат – оны ең алдымен шабатын күйге жеткізу
Он алтыншы сын. Бәлбі Тәкейұлының үлгісі
Жүйрікті алғаш желіден тануға болады. Болашақта жүйрік шығатын құлын желіде аяқ астын қазып 3 - 4 күн жатпай тұрып алады. Бұндай құлынның желкесін
Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі
Жүйрік жылқы майы аз, қара етті болады. Майын ішіне жинайтын жылқының белгісі – дене бітімі ашаң, жүні жылтыр болады. Мұндай жылқылар алағызған,
Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны
Жүйрік аттар жаратылыс бітіміне байланысты әртүрлі шабады. Мысалы, кейбір аттар бәйге шығар, шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол
Айлардың да құпия сырын білейік
Жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін айлардың ұзақтығын өзіміздің саусақтарымыз арқылы анықтауды да біліп жүргеннің артықшылығы болмас.
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де