Кітап үзіндісі: «Кітап - білім бұлағы» дейді біздің халқымыз
Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Сен әлі жассың, сұлулықтың қадірін білмейсің ғой. Сұлуды, сұлулықты әлдерің жеткенше жазып та жүрсіңдер. Мен де жазғым келеді. Бірақ Энженің сұлулығын жазуға шамам келмейді. Көркі — көз алдымда, жай сөйлегенінің өзі әсем бір ән салып тұрғандай: әйел біткеннің нәзігі сол шығар. Әлде маған солай көріне ме? Бірақ содан бері талай жыл жасап келемін — ондай әйел затын кездестірген емеспін. Ол әнші еді. Мүмкін, сол жүрек балқытып, өзегіңді өртердей ән сиқыры шығар, маған одан басқа әйел жұрты тек жұпыны, Энженің жұқанасы ғана сияқты көрінетін. Сұлулық дегеннің өзі адамның көзге көрінбес қос қанаты ғой деп ойлаймын. Егер дүние тек сұлулықтан тұрар болса — адам баласы мүгедектіктен, ғаріптіктен, рухани жадаулықтан құтылған болар еді...
Шерхан Мұртаза "Жүрекке әжім түспейді"
Бүкіл ақыл - ойыңды, ерік - қабілетіңді, рақат - қызығыңды өзіңді қоршаған қауым ырқы билеп кеткен шағыңда сенің еншіңе бір ғана зат - жүрегіңде бақилыққа ұйып қалған жастық сүйіспеншілік қана қалады. Сен оны қанша жыл қатыгездікпен ұмытсаң да, өзіңді одан да гөрі маңыздырақ, мәндірек бір іске лайықтымын деп тапсаң да, басқа жерден байыз таппай, өз ошағына қайта оралған бейбақтай түбі оралатының хақ; бірақ ол қай кезде болады, мақсатыңа жете алмай шаршаған кезіңде ме, санаң марқайып, ақиқаттың не екеніне көзің жеткен кезде ме, әлде тіпті өлер шағыңда ма, оны кім білсін...
Төлен Әбдік "Оралу"
Дарын — жаратылыстың ісі. Ал адамгершілікті сақтау ол сенің ісің...
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Әр сәт бекер кетпесін. Бүгін келген ой, ертең келмейді. Бүгін жасау керек. Әр секундты пайдалану керек. Шаршамаңдар.
Сәуле Досжан "Өгей жүрек"
Кім еді, қандай жан еді менің сүйкімді ғазиз әжем?
Соғыс жүріп жатты. Мол киіп, мол ішетін заман жоқ. Жабағы жүнін тастаған арық - тұрақтай халық жаңа ғана көтеріліп келе жатқанда, соғыс барлығын да жайпады. Оның үстіне со бір жылдары қуаңшылық болып, астық шықпай қалды.
Шуақ көктем. Күн маздап тұр. Ескек желмен ойнаған ерке сағым ен даланы қуалай бұраң қағып, көз ұшында ғайып болады.
Қары кетіп, дымқылын бойына сіңіріп алған аңыз бусанып жатыр. Өткен күзгі орақтан үзіліп түскен арпаның масақ дәні бөртіп, сәл сарғыштау тартқан. Аңызақ Қыстың сызы әлі де арыла қоймаған кез.
Түс ауып барады. Әжем қаншама үгіттегенімен, аңсарым ауылға ауып, кеткім келіп қыңқылдай беремін.
– Жазған - ай, тым құрыса, бір дорбаны да толтыра алмадың - ау. Өзіндей анау Айшаның балаларын қарашы, шешесін ертпей - ақ өздері келіп теріп кетіп жүр. Толтыр дорбаңды, күн әлі ерте ғой!
Біразырақ мойынсұнып жүремін де, қайта қыңқылдаймын. Әжем маған назарын аудармай, бір тізерлеп отырып алып тере береді, тере береді. Қолындағы дорбасын толтырып болып, анадайда тұрған өмірінде бүйірі шықпайтын ала қапқа салады да, қайта тереді.
Ах, осы ала қап пен әжемді - ай! Бірі – тұрып масақты қанша әкелсең де қылғып жұта береді, ал біреуі – дамыл таппай иесіз аңызда дүниенің бәрін есінен шығарып, ерінбей дән тереді. Сол сәтте ала қапты да, әжемді де көргісіз боп барып, әжем нығыздап қойған қапты бүйірінен теуіп - теуіп қалсам, ішіндегі қысылып жатқан масақ қопсып, көрер көзге лезде толып кеткен сияқтанады.
Әжемнің әзір жүре қоймайтынына көзім жетіп, мысым құрып жарыла жаздаймын. Сусын құйып апарған топатай шелектегі іркітті қуыс қураймен сыздықтатып сорып ішіп тауысам да, қайтадан бүркеп, түк көрмеген пендеше аңызға шалқамнан түсіп жата кетем.
Әжем келеді. Дорбасындағы масағын салып басып - басып қойса, ала қап қайтадан төмен түсіп, әлі де үш - төрт дорбалық орын босатады. Оң қалының ту сыртымен белін сүйеп әжем үһ деп отыра кетеді. Бүркеулі тұрған сусынды алып қарайды да:
– Балам - ай, діңкем құрып келгенде, бір жұтым қойсаң нетті?! – деп, шақшасын алып насыбайын атады да, үнсіз ұзақ отырады...
Әй, балалық! Әй, иттік!..
Мұқағали Мақатаев "Әже"
Итжейде – баланың мынау жарық жалғанда киетін ең алғашқы киімі. Оны тек кіндік шеше әкеледі. Бұл кәдімгі жейде сияқты емес, қолтығынан ойып жең шығарып, қолмен көктеп тіккен уақытша киетін көйлек. Нәрестенің терісі тым нәзік болғандықтан жұмсақ матадан тігісін сыртына қаратып, кең - мол әрі ұзын етіп тігеді. Күн мен түн секілді жақсылық пен жамандық, молшылық пен жоқшылық бірге жүреді. Аққан селдей, ескен желдей өте шығар қысқа өмірде таршылық көрмесін, басына тартса, аяғына жетпейтін мұқтаждыққа тірелмесін деген ақ тілеумен итжейдені берекелі етіп тіккен екен. Кейінгі заманның кіндік шешелері дүкеннің дайын киімін алады, жейдесі кіндігіне де жетпейді. Ата - бабаларымыз «жақсы сөз – жарым ырыс» деп сөз киесін жете ұққандықтан айтқан. Олар жаратылыс пен адам болмысын байланыстыра отырып тұрмысқа енгізген ырым - тыйым, әдет - ғұрыптары ойсыз, негізсіз шықпағаны аз да болса зерделі адамды бей - жай қалдырмаса керек. Осынау ұлан - ғайыр кең - байтақ жерге иелік еткен «көшпенділер» атанған халық ерлігі мен өрлігін, парасаты мен даналығын шартарапқа танытып, тұтастығын мойындата білгені тарихи шындық. Бүгінде... Қарап тұрсаңыз өз елінде, өз жерінде үйсіз - күйсіз күн кешіп, базарда ала қоржын арқалап, жанбағыстың жарапазанына түсіп, басына тартса, аяғына жетпей, тұрмыс тауқыметін тартып жүрген өз қазағымыз емес пе? Қай тұста ата жолынан адастық, қай жерде жаңылып жаза бастық? Туралықтан қашан тайдық? Жауап іздейміз. Себеп іздейміз. Біз бір күнде жетпедік қой бұл күйге. «Тасын ала берсе, тау да таусылады» дегендей, ана жерден, мына тұстан там - тұмдап ұлттық қасиетіміз мұжыла берді, мұжыла берді. Сөйтіп, «көп аздан көлемді көп жиналғанын» білмей қалдық...
Зейнеп Ахметова "Күретамыр"
Мен оны халқым деп ардақтаймын. Сондықтан ол үшін ажалдан да қорықпаймын. Ата - ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айтқан әлжуаз қалпын да да жақсы көрем. Кімде - кім сол қазақ деген қыранды қанатын кесіп, жем - құсына айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым.
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"
Айналамызға қарасақ, бәрі сатылады.
Сатылмайтын тек адам шығар деп ойлаушы едік. Қазір ол да сатылады.
Сәуле Досжан "Өгей жүрек"
«Кітап - білім бұлағы» дейді біздің халқымыз. Бұл өте терең сөз. Жайлауда, таудың етегінде бұрқ - бұрқ түбі қайнаған, дәмі кәусар қайнар бұлақтың тастай суын ішіп пе едіңіз? Дүниеде шөлді қандырар сондай нәрсе бар ма екен? Жоқ шығар.
Темірғали Көпбаев "Қарапайым пайымдар"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны