Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса, жарайды қылса сұхбат....

Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық, Қартаймастай көрмелік, ойланалық. Жастықта көкірек қор, уайым жоқ, Дейміз де ешнәрседен қорғаналық....

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ, Оларға жөн, арамның сөзін ұқпа. Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әске жоқ кеселді істен биттей қорықпақ....

Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да
Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда....

Байлар жүр жиған малын қорғалатып
Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онын беріп алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?...

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың....

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап....

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман....

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көретін, болады ермек?...

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім....
